Болашақта сұранысқа ие болатын 5 мамандық

?Болашақтың еншісіндегі бір мамандық – сәулетшілер мен құрылыс инженерлері. Ғаламшардың демографиялық өсімі артқан сайын жаңа ғимараттар көтеру жалғасын таба бермек. Оған өндірістегі инновациялық өзгерістерді игеріп, үнемі дамуға тырысатын инженерлер керек. Сонымен қатар, инжиниринг биохимия, нанотехнология, роботтық техника және жасанды интеллект салаларында да сұраныс артады. 2020 жылға дейін компьютерлік модельдеу инжинирингі саласына жақын 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін.

?Келешектегі ең қажетті мамандар IT саласы мен робот техникасының білгірлері болмақ. Себебі, технологиямен жұмыс барлық саланың қызметіне әсер етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Қазір ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өзгереді. Біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды», деген еді. Болашақта адамдар қызметтің баршасын роботтарға жүктейді.

?2020 жылға қарай қаржы институттарынан бастап өндірістің кез келген саласында ақпаратты игеріп, оны талдап отыратын маман – Data сарапшы қызметіне сұраныс болады. Капиталистік қоғамда ақпаратты талдау маңызы орасан зор. Мысалы, қаржы институттары әртүрлі нарықтарда сауда жасау үшін оларға нарыққа шолу жасап, табыс алудың мүмкіндігін қарастыру керек. Онымен дата сарапшы айналысады.

?Машина үйрену дағдысының маркетологы. Бүгінде маркетолог болғыңыз келсе, интернет құралдарын және SMM негіздерін білуіңіз шарт. Бізге күн сайын алгоритмдерді оқып-үйренуге тура келеді, бірақ оны іс-тәжірибеде қалай қолдануды білмей жатамыз. Ал болашақта ше? Болашақта бұл маман иелері digital-трендті еркін жүргізіп, аналитка, сегментация, таркетинг тапсырмаларын оңай шешу үшін қажет.

?Криптовалютаны инвестициялау жөніндегі кеңесші. Биткойн мен эфириум айналасындағы ақпараттық шудың арқасында осы мамандыққа деген сұраныс туындап келеді. Экономика саласының білгіріне, валюта нарығын қалт жібермей, бақылап отыратындарға жұмыс дайын дей беріңіз.

Дегенмен, ұмытпаңыз, кез-келген мамандықпен қоғамға қызмет етуге болады.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа