Әлемді өзгерткен балалар

Назарларыңызға қабілетімен мына әлемді өзгерте алған ең дарынды, ұшқыр балаларды ұсынамыз.

👑Аdora Svitak – 3 жасында оқуды, 4-ке жеткенде жазуды үйреніп алған. 7 жасында тұңғыш кітабын шығарған, 9 жасында алғашқы романын жазып бастаған, 12 жасында милиондарды тамсандырған «әдеби вундеркинд». Ол 7 жасында алғашқы «Flying fingers» кітабын шығарады. Бұл оқиға сол сәтте үлкен резонанс тудырады, жүздеген мектептер арнайы талқылайды. Адора Редмонд орта мектебімен қатар Вашингтон виртуалды академиясында оқыған. 12 жасар әлемдегі ең кішкентай жазушыны бүгінде үздік идеялардың алаңы TEDtalks сахнасында сөз сөйлеуге шақырады. «Ересектер балалардан не үйрене алады?» баяндамасы көптің көңілінен шығып, барлық тыңдармандарды қайран қалдырады. Адораның сол сөзі субтитр арқылы 60 тілге аударылған. Демек, ол бір мезетте 60 тілде сөйлеп тұр, әлі де талай тілге аударылатыны анық.

👑Malala Yousafzaі – ғаламдық мәселеге үн қосқан кішкентай күрескер, әлемдегі ең жас Нобель сыйлығының иегері. Ол «Мен – Малаламын» кітабы жарыққа шыққан соң 1 миллион доллардан аса қаражатты қайырымдылық мақсатында – босқындарды қорғау және білімді дамытуға бөлген. 11 жасынан бері BBC ғаламтор желісінде блог ашып, көрген-білгенін жазып отырған жас қыз жалпақ әлемге әйгілі болды. Оның ұраны – әлемдегі қыз балалардың білім алуына жол ашу. Малала Ливанда Сирия босқындарының қыздарына арналған мектеп ашты. Арманы – Пәкістанның премьер-министрі болу. Бүгінде Малала Оксфорд университетінде саясат және экономика бағыты бойынша білім алып жатыр.

👑Aelita Andre – 9 айында сурет салуды бастаған әлемдегі ең жас суретші. 2 жасында картинасы 24 мың долларға сатылған, 4 жасында алғашқы жеке көрмесі қойылған. Ол түстерді қалағанынша араластырып, таңғажайып туындыларды өмірге әкеледі. Еңбектеп жүргенде-ақ қолына қылқалам алған Аэита көпшілікке абстракционист ретінде танылған. Алғашқы көрмесі «The Prodigy of Color» деген атпен Нью Йорк қаласындағы өткен. Онда 4 жасар суретшінің 24 жұмысы бірден сатылып кеткен. 12 жасар суретші бүгінде отбасымен Мельбурн қаласында тұрады.

Міне, бұлар, болашақ таланттарды тәрбиелейтін ата-аналарды шабыттандыратын кішкентай әрі ҮЛКЕН кейіпкерлер!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа