Мектеп формасы

Құрметті ата-аналар!

Төменде Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар туралы ақпарат берілген. 

1. Мектеп формасының түсі – қара-көк (Астана қаласы бойынша) 

Ескерту: Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қара-көк түсті форма алынады. Ал басқа сыныптарда оқитын балалар өзінде бар формасын киіп, ол форма тозғаннан соң осы қара-көк түсте форма сатып алынуы керек. Мектеп формасын кезең-кезеңмен біркелкі қара-көк үлгіге сай келтіру жоспарланып отыр;

2. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болуы тиіс;

3. Ер балалардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі;

4. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес;

5. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) жоғарғы бөлігінде орналасады;

6. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады;

7. Мектеп формасының матасы ретінде жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киімнің мыжылын болдырмау мақсатында синтетикалық қоспалардың 15-25% бар маталар ұсыналады;

Қалауыңыз бойынша форма жеткізушісін таңдай аласыздар. Бастысы, Сіз алған мектеп формасы жоғарыда келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.


Свитшоттардың реквизиттары:

Жұманова Айдын Нариманқызы
АО Kaspi Bank
CASPKZKA
KZ03722C000019476830

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа