Жалпы ақпарат

«Келісілді»
Астана қаласы Білім беруді
жаңғырту орталығының директоры
____________________Г.К.Ибраева
«_____» _____________ 2018 жыл

«Бекітемін»
Астана қаласы №54 мектеп-
лицейінің директоры
____________Ш.Т. Сейсенбай
«_____» __________2018 жыл

 

 

Астана қаласы

№54  мектеп – лицейінің

2018-2019 оқу жылына арналған

оқу жұмыс жоспары

 

бағыты: жаратылыстану-математикалық

 

Мына құжаттар басшылыққа ала отырып әзірленді:

  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);
  • ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білімберудіңмемлекеттікжалпығаміндетті стандарты(бұданәрі – ҚР МББС-2016);
  • ҚР Үкіметінің2017 жылғы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485қаулысымен бекітілген жалпы орта білімберудіңмемлекеттікжалпығаміндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МББС-2012.)

 

 

 

 

Астана-2018

 

 

Мазмұны

 

  1. Түсінік хат.....................................................................................3
  2. Қазақ тілінде оқытылатын мектепалды даярлықтың оқу жоспары ........................................8
  3. Қазақ тілінде оқытылатын 1,2,3 сыныптардың оқу жоспары ..................................................9
  4. Қазақ тілінде оқытылатын 4 сыныптың оқу жоспары ...........................................................10
  5. Қазақ тілінде оқытылатын 5,6,7,8 сыныптардың оқу жоспары ..............................................11
  6. Қазақ тілінде оқытылатын 9 сыныптың оқу жоспары .............................................................13
  7. Қазақ тілінде оқытылатын 10-11 сыныптардың оқу жоспары ...............................................14
  8. Білім басқармасының комиссия мүшелері тізімінің кестесі .....................................................15

 

Түсінік хат

Мектептің оқу жұмыс жоспары білім беру ұйымы қызметінің құқықтық-нормативтік базасына негізделе отырып әзірленеді.

2018-2019 оқу жылындағы білім беру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету:

1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3 сыныптарда білім беру процесі:

  • ✔ ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);
  • ✔ ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
  • ✔ 3 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша);
  • ✔ ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ( бұдан әрі - ҚР МЖМС -2015);
  • ✔ ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • ✔ ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ✔ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудіңжалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары
  • ✔ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудіңжалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары
  • ✔ «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 3 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

2) 4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:

  • ✔ ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
  • ✔ ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485қаулысымен бекітілген Жалпы орта білімберудіңмемлекеттікжалпығаміндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МББС-2012.)
  • ✔ «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ✔ «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ✔ «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ✔ ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • ✔ «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • ✔ «ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

3) 5-8-сыныптарда білім беру процесі:

  1. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті станедарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
  3. «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 3 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
  4. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы;
  5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы;
  6. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мына нұсқаулықтар мен ережелер басшылыққа алынды:

1.«2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;

2.ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы № 499 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережелері. ҚР БҒМ 17.09.2013 жылғы № 375 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережелері;

3.ҚР БҒМ 17.09.2013 жылғы №375 бұйрығымен бекітілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережелері (кешкі мектеп);

4.«Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы» санитарлық ережелерді бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы.

2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мына төмендегі факторларға негізделеді:

2018 жылдың 1 қыркүйегінен 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 сыныптарға жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.

2018-2019 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті»(5-7-сыныптар), «Казахская литература» (6-сынып), «Казақ тілі мен әдебиет» (5,7-сыныптар), Музыка (5,6 сынып), «География» (7-сынып) пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу үшін жылына 5 сағат бөлініп отыр (мектептен тыс жерлерде).

Вариативтік компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша аталған курсты біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс.

 «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады; 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу үрдісі кезінде жүргізіледі.

«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен;

5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту орта білім берудегі оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады (Алматы «Бөбек» ҰҒПБСО» ҚР Білім және ғылым министрінің 03.04.2013 жылғы № 115 бүйрығымен бекітілген).

Оқушылардың қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика және қаржы сауаттылық негіздері» курсы 4-сыныпта «Дүниетану» пәндерімен, ал 6,8-11 сыныпта «Технология» пәндерімен кіріктіріледі және бастауыш сынып мұғалімдері мен технология пәні мұғалімдері жүзеге асырады.

Қосымша: - оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Дана жол» Қолданбалы экономика орталығының білім бағдарламасы негізінде құрастырған «Қолданбалы экономика» факультативтік курсын ұйымдастыруға болады;

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру мақсатында 5-8 сыныптарда «Робототехника» факультативтік курсын жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 20 шілдедегі №595 бұйрығына сәйкес лицей сыныптар үшін пәнді тереңдетіп оқытуға оқушылардың таңдауларына қарай қосымша курстарды ұйымдастыру әр сыныпқа 4 сағаттан қарастырылған, сонымен қатар әр сыныпқа үйірмелер, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 мөлшерде, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандардың жеке курстары мен лекцияларына ақы төлеу үшін мектеп бойынша келісім шарт бойынша 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді. 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа