Бір әріп ештеңе өзгертпеуі мүмкін. Дегенмен, қазір бір әріпке салғырт қарап, ертең тіпті сөздер өзгерсе де, енжарлық танытуымыз мүмкін. Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ (рақым+ет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: академик Рабиға Сыздықова «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) «рахмет» түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» «рақмет» түрінде таңбаланған. Қазақ ақын-жазушылары да «рақмет» сөзін «қ» әрпімен жазған.

Мәселен, Бауыржан Момышұлы: «Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз. Мұныңызға мың да бір рақмет, ата!» деп жазса, ақын Мұқағали Мақатаев: «Ойлы жас, түсініпсің, рақмет! Рақмет!» деп жырлайды.

Ал сіз күнделікті өмірде бұл сөзді қай нұсқада көбірек қолданасыз?

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа