ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 2023 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамыз аралығында 2023-2024 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады. • Мектепке құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғаларының ЭЦП кілті арқылы жүзеге асырылады. 1. Қабылдауға қажетті құжаттар:  фото 3*4 (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен  баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы  денсаулық паспортының мөр қойылған беттерінің сканерленген нұсқасы (порталдың ішінде нұсқаулықта көрсетілген) 2. Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар хатшының кабинетіне тапсырылу қажет. (туу туралы куәліктің көшірмесі, 2 дана фото 3*4 ақ жейдемен файлға салынған) 3. Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері 09:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00 !!! Ескерту !!! 1. Өтініш беру үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілдері мектепке жеке куәлігімен келуі керек 2. egov.kz порталы өзіңіздің ЭЦП кілттеріңіз арқылы жүзеге асырылады.
FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Андатпа